Жас Көшбасшылық Бағдарламасы (YouLP)

Жас көшбасшылық бағдарламасы (YouLP) – әртүрлі тақырыптарға арналған модульдерден тұратын біліммен алмасу бағдарламасы. Бұл бағдарлама 18 бен 30 жас аралығындағы Қазақстандық белсенді және дарынды жастарға саясат пен азаматтық белсенділікке ерекше көңіл бөлетін кең ауқымда өз машықтарын, әлеуетін және білімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде қатысушылар келесі тақырыптар бойынша алты модульге қатысады:

  • Саясат және мемлекет
  • Гендер және медиа
  • Экономикалық және әлеуметтік даму
  • Адам құқықтары
  • Қоршаған орта және климаттың өзгеруі
  • Жаһандық әлем

Сонымен қатар, YouLP презентация машықтары, шешендік сөйлеу, дизайн ойлау (design thinking), жобаларды басқару, академиялық жазу және басқа тақырыптар бойынша семинарларды қамтиды.

  • Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары қатыса алады.
  • Фридрих Эберт Қоры бағдарламаға қатысуға кететін шығынды өтейді
  • Модульдер Қазақстанның әртүрлі қалаларында қосымша онлайн іс-шаралармен өткізіледі
  • Модульдер Қазақ, Орыс және Ағылшын тілдерінде жүргізіледі

YouLP бірінші буыны (2020-2021) бағдарламаны аяқтап үлгерді. Әртүрлі ортадан шыққан 19 қатысушы саясаттану, журналистика, инженерия, психология және деректер ғылымы сияқты салаларда ғылыми дәрежелерге ие.

YouLP екінші буыны (2021-2022) бірінші модулін 2021 жылдың қазан айында өткізді. 331 өтінімнің ішінен Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 15 жас таңдалды.

17 қазанда YouLP 2020-2021 жабылу салтанатында екі буын бас қосып, «Білім беру саласындағы теңсіздік» тақырыбында пікірталас өткізді, онда жас көшбасшылар осы тақырып бойынша өз ойлары мен идеяларымен бөлісті.

Қазір YouLP-нің екі буыны YouLP Alumni қауымдастығын құрды.

YouLP бірінші буыны

Privacy Policy of the Video

X Please note: Once you watch the video, data will be transmitted to Youtube/Google. For more information, see Google Privacy.

Contact

Медет Сүлеймен

Бағдарлама қызметкері
Medet.Suleimen(at)fes.kz

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры

Алматы қ. кеңсесі:
A25D9H3, Достық даңғылы 43,
405 кеңсесі
+7 (727) 291 41 08

Астана қ. кеңсесі:
Z05H9H0, Достық көшесі 1,
63 офис
+7 (7172) 26 64 40

info(at)fes.kz