Тағылымдама

ФЭҚ Қазақстан тағылымдама бағдарламасы

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының Алматылық кеңсесі социал-демократиялық саяси негізде жұмыс тәжірибесін алуға мүдделі студенттерге (Қазақстандық немесе тұруға ықтиярхаты бар) тағылымдамадан өтуді (2 немесе 3 ай) ұсынады.

Жауапкершілігіңізге мына қызметтер кіреді:

Күнделікті іс жүргізуге көмектесу,конференциялар не бағдарламаларға өз бетінше дайындық жасау және оларды ұйымдастыру, семинарлар мен мастер-кластарға қатысу, мәтіндер мен мақалалар жазу, сонымен қатар аударма жасау.

Талаптар:

  • Әлеуметтік ғылымдар немесе жанама саладағы бакалавр дәрежесі (саясаттану, халықаралық қатынастар, экономика және т.б)
  • Тілдерді білу: қазақ немесе орыс тілін жетік білу, ағылшын және/немесе неміс тілдері – C1; 
  • Қоғамдық-саяси мәселелерге және қазіргі жаһандық оқиғаларға қызығушылық таныту және хабардар болу
  • Тамаша IT машықтары
  • Мықты ұйымдастыру және коммуникация машықтары және командада жұмыс істей алу

Өтінім беру үшін info(at)fes.kz электрондық поштасына мына құжаттарды хатқа қосып жіберіңіз:

  • Өтініш хат (бір беттен аспауы керек; FES Kazakhstan-да тағылымдамадан өту сізді неге қызықтырады?)
  • Түйіндеме (CV)
  • Оқу орнында алғансертификаттар және тағылымдамадан өткені немесе басқа жұмыс тәжірибесі туралы сертификаттар
  • Онлайн форманы толтырыңыз

Тағылымдаманың ықтимал мерзімін, сондай-ақ қалаған кезеңіңізді жазып көрсетіңіз.

Ескерту: Тағылымдамаға тек Қазақстан немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар/азаматшалар өтінім жібере алады

Тағылымдамадан өту туралы кері байланыс

Nurzhan Tustikbay

Danel Kabysheva

Yerdaulet Rakhmatulla

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры

Алматы қ. кеңсесі:
A05E2Y2, Желтоқсан к. 134/62,
3 кіреберіс, 1 офис, домофон 1
+7 (727) 291 41 08

Астана қ. кеңсесі:
Z05H9H0, Достық көшесі 1,
63 офис
+7 (7172) 26 64 40

info(at)fes.kz