Фридрих Эберт Қоры

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры (FES).

1993 жылы Фридрих-Эберт Қорының (FES) тұнғыш тұрақты өкілі Алматыға кеңсе ашу үшін жіберілді. Қазақстан Үкіметі мен Фридрих Эберт Қоры арасындағы алғашқы ресми келісімге қол қойылды. Содан бері ФЭҚ Қазақстанда жұмысын үздіксіз атқарып келеді.

Фридрих Эберт Қоры Қазақстандағы университеттер, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдардан бастап кәсіподақтар, мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастықтар мен сараптамалық орталықтарына дейін көптеген серіктестермен ынтымақтастық орнатып, бірге жұмыс істейді. Біздің қазақстандық серіктестермен ынтымақтастығымыз социал-демократиялық құндылыққа негізделіп келеді. Қазақстанда, аймақтарда және дүние жүзіндегі 100-ден астам кеңсемізде біз әлеуметтік әділет, демократия, ынтымақтастық және жеке адамдар мен ұйымдар арасында трансұлттық желілер мен прогрессивті коалициялар құру үшін жұмыс істейміз.

Қазақстандағы серіктестерімізбен ФЭҚ әртүрлі ішкі, аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша жұмыс істейді. Біз әлеуметтік және гендерлік әділетті, сондай-ақ саяси қатысуды қамтамасыз етуге және нығайтуға тырысамыз. Жастармен бірге біз жақсы болашақты қалыптастыруға арналған идеяларды дамытамыз. Біз білім беру бағдарламалары мен ұзақ мерзімді диалог алаңдары арқылы қызметкерлер мүдделері репрезентациясын күшейту бағытында әрекет етеміз. Біз қазақстандық құқықтық кодекстің одан әрі дамуын және заң үстемдігін нығайтуды қолдаймыз.

Біздің Қазақстандағы жұмысымыздың жалпы бағыты қоғамдағы прогрессивті саяси, әлеуметтік және экономикалық процестерді қолдау және Германия мен Қазақстан арасындағы түсіністікке мүмкіндік беру. Біз Қазақстанның жалғасып жатқан реформалау процесін қолдаймыз және өзімізді диалог пен идеялар алмасу алаңы ретінде көреміз.

ФЕҚ Қазақстан 2021 бейнебаяны

Privacy Policy of the Video

X Please note: Once you watch the video, data will be transmitted to Youtube/Google. For more information, see Google Privacy.

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры

Алматы қ. кеңсесі:
A25D9H3, Достық даңғылы 43,
405 кеңсесі
+7 (727) 291 41 08

Астана қ. кеңсесі:
Z05H9H0, Достық көшесі 1,
63 офис
+7 (7172) 26 64 40

info(at)fes.kz

News & Activities

Friedrich Ebert – Demokratie gestalten!

Friedrich Ebert – Demokratie gestalten!

Happy Birthday, Fritz! Am 4.2.2021 jährt sich der Geburtstag Friedrich Eberts zum 150. Mal. Толығырақ