Әділ Қала қазақстандықтар көзімен: Ädil Qala жобасының тұсаукесері қалай өтті?
23 маусым күні Алматы қаласында Фридрих Эберт Қорының Қазақстандағы Өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan-ның ұйымдастыруымен «Ädil Qala» жобасының тұсаукесері өтті.
Шара аясында қатысушылар әділ қала туралы өз көзқарастарымен бөліссе, сарапшы қонақтар инфрақұрылым, қала кімдігі, тиімді басқару, экология және гендерлік теңдік салаларындағы өз тәжірибелері жайында сөз қозғады. Пікірталас барысында қатысушылар мен сарапшылар тарапынан аталған салалардағы мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ұсынылды.
Пікірталас тақырыптары «Ädil Qala» жобасының 13 мамыр күні өткен алғашқы кездесуінің нәтижелеріне негізделіп таңдалғанын атап өткеніміз жөн.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Кениядағы Ф. Эберт Қорынан The Just City in Kenya жобасының үйлестірушісі Тайтус Калоки сөз сөйледі. Сарапшы Африка аймағындағы «Әділ қалалардың» құрылуы, сондай-ақ, жоба барысында тап болған қиындықтары жайында әңгіме өрбітті.
Барлық қатысушыларға шара барысындағы белсенділіктері мен қызықты сұрақтары үшін алғысымызды білдіреміз!
X Please note: Once you watch the video, data will be transmitted to Youtube/Google. For more information, see Google Privacy.
Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры
Алматы қ. кеңсесі:
A05E2Y2, Желтоқсан к. 134/62,
3 кіреберіс, 1 офис, домофон 1
Астана қ. кеңсесі:
Z05H9H0, Достық көшесі 1,
63 офис