Thursday, 23.06.2022

Әділ Қала қазақстандықтар көзімен: Ädil Qala жобасының тұсаукесері қалай өтті?

23 маусым күні Алматы қаласында Фридрих Эберт Қорының Қазақстандағы Өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan-ның ұйымдастыруымен «Ädil Qala» жобасының тұсаукесері өтті

23 маусым күні Алматы қаласында Фридрих Эберт Қорының Қазақстандағы Өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan-ның ұйымдастыруымен «Ädil Qala» жобасының тұсаукесері өтті. 
Шара аясында қатысушылар әділ қала туралы өз көзқарастарымен бөліссе, сарапшы қонақтар инфрақұрылым, қала кімдігі, тиімді басқару, экология және гендерлік теңдік салаларындағы өз тәжірибелері жайында сөз қозғады. Пікірталас барысында қатысушылар мен сарапшылар тарапынан аталған салалардағы мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ұсынылды.    
Пікірталас тақырыптары «Ädil Qala» жобасының 13 мамыр күні өткен алғашқы кездесуінің нәтижелеріне негізделіп таңдалғанын атап өткеніміз жөн. 

Сонымен қатар, іс-шара барысында Кениядағы Ф. Эберт Қорынан The Just City in Kenya  жобасының үйлестірушісі Тайтус Калоки сөз сөйледі. Сарапшы Африка аймағындағы «Әділ қалалардың» құрылуы, сондай-ақ, жоба барысында тап болған қиындықтары жайында әңгіме өрбітті. 
Барлық қатысушыларға шара барысындағы белсенділіктері мен қызықты сұрақтары үшін алғысымызды білдіреміз! 

Privacy Policy of the Video

X Please note: Once you watch the video, data will be transmitted to Youtube/Google. For more information, see Google Privacy.

Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры

Алматы қ. кеңсесі:
A25D9H3, Достық даңғылы 43,
405 кеңсесі
+7 (727) 291 41 08

Астана қ. кеңсесі:
Z05H9H0, Достық көшесі 1,
63 офис
+7 (7172) 26 64 40

info(at)fes.kz